Қазақстан мен Қытай Еуропаға алғашқы көлік керуенін аттандырды. Бұдан екі ел арасындағы сауда байланыс 2 есе ұлғаяды деген болжам бар. Бұдан бөлек, автокөлік құрастыру техникасын үйрететін екінші Лу Бань шеберханасы Елордада іске қосылды. Бұл - Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған сапарының жемісі.