Жамбылдағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысы жоспардан қалып келеді. Өткен жылы кірпіші қаланып, құрылысы қарқын алған білім ошақтарының жұмысы неге кешігуде?

Бүгін аймақтың ақ үйінде жауаптылар арнайы жиын өткізіп, ерекше мектептердің құрылыс жұмысын талқылады.