Тұрар Рысқұлов ауданды Ақұбұлақ ауылдық округінің маңында алапат өрт болды. Жазық даланы жайлаған тілсіз жауды ауыздықтауға Ақбұлақ ауылдық округінде құрылған еріктілер кірісті. Содан соң өрт сөндіру жұмыстарына көршілес орналасқан Қорағаты, Абай, Луговой және Құлан ауылдық округінің еріктілері кірісіп, ақ жалынды өшіруге үлес қосты.