Өскелең ұрпаққа – өнегелі ғұмыр үлгі. №32 орта мектепте ақын-сазгер, мәдениет саласының үздігі Қасқырбай Нарбатыровпен кездесу өтті. Тағылымы мол жүздесуде қарымды қалам иесі жастарды туған жерді сүюге, ана тілді ардақтап, өмірлері өнегелі істермен өрілген аға буынның ізін жалғастыруға шақырды.