Жамбылдық жастар «Таза Қазақстан» акциясы аясында туған өлкесін тазалап жүріп тарихи мұраның үстінен түсті. Жаңатас қаласында тұратын бір топ жас осыдан 3,5-4 мың жыл бұрынғы тасқа қашап салынған таңбалы жартасты тапты. Ежелгі петроглифтер қола дәуірі адамдарының тасқа салған туындылары болып шықты.