«Өнегелі ұрпақ» пен «Жасыл аймақ» апталығы аясындағы ісшаралар аудандарда қарқынды түрде жалғасуда. Мәселен, Жамбыл ауданы Құмтиын ауылының тұрғыны, көпбалалы отбасы Оспановтар жанұясы аулаға жеміс талдарын отырғызған. Ал, Мойынқұм ауданында 1 аптаның ішінде 16 ауылдық округте тазалық жұмыстары жүргізген. Сондай-ақ, Қаратау қаласының еріктілері қарттарға көмектесіп, игі бастамаға ат салысқан.