«Таза Қазақстан» акциясы аясында облыста 57 000 түп тал-дарақ отырғызылды. Жасыл науқаннан бөлек, Таразды абаттандыру жұмыстары жыл бойы жалғасын таппақ.
Ал, бүгін «Ұлы дала» шағын ауданында 1500-ден астам жас көшет егілді. Игі іс-шараға облыс әкімі де арнайы қатысып, өзге де атқамінерлер, қала тұрғындары белсенділік танытты.