Қаржылай сауатыңыз қандай? Мәселен, соңғы 3 жылда 19 миллиард теңгеге жуық қаржы алаяқтық жолмен несие ретінде рәсімделген. Ондайға тосқауыл қою үшін енді биометриялық тексеру жүргізбей онлайн несие беруге тыйым салынбақ.

Сондай ақ, несие алу шарттары мен талаптары да қиындай түседі. Жаңа ереже сенатта қаралып жатыр.