Бүгін аймақта алғаш рет «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ұйымдастырушы» атты медицина қызметкерлері арасында конкурс өтті. Аталмыш байқауға облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің өзі қазылық етті.

Олардың біліктілігін анықтау мақсатында Республикалық қауымдастықтан арнайы комиссия өкілдері келген. Жарыста жиырмадан астам үміткер өзара бақ сынасты.