Еліміз бойынша қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы облыс аумағында жалғасып жатыр. Жергілікті тұрғындар өзі тұратын аулалардан бастап, көше бойы мен өзендердің жағалауын тазалауда.

Талас ауданы Қаратау қаласында 1 күнде 300-ге жуық тұрғын көшеге шықты. Олар айналаны тазалап, тал-дарақтарды әктеп, 3 мыңға жуық көшет отырғызды.