Су тасымай ма деп жүргенде, аймақтағы басты өзеннің бірі Таластың табанында су шылжырап ғана ағып жатыр. Көктемде толмаған арна шіліңгір шілдеде қалай болмақ? Яғни, биыл су тапшылығы болмай ма? деген заңды сұрақ бар. Ағын судың азабын тартқан шаруалар бұл мәселеге алаңдайды. Ал, мамандар не дейді?