«Балаларды дәмді аспен қуанту – біздің басты міндетіміз». Бір мезетте бес жүз оқушыны тамақтандырып отырған аспаздың күнделікті айтар сөзі бұл. Қарамағындағы жұмысшылармен бірге тірлікті осылай бастайтын Ақсұлу Қыдырова мектептің асханасында істейді. Бармағынан бал тамған аспаздың пісірген тағамдар тіл үйіреді.

Көпбалалы ана қазір ол өзі секілді төрт келіншекті де жұмыспен қамтып отыр. Жұмыстан тыс уақытта да тынбайтын Ақсұлудың тұрақты тапсырыс берушілері де бар.