Кәсібі бардың нәсібі бар! Құланда ерекше кәсіпті жүргізіп отырғандар некен саяқ. Бірақ, жоқ демейміз, санаулы ғана. Солардың бірі, Ғани Шындалы.

Ол 2022 жылы профнастиль шығаруға арналған цех ашқан. "Ауыл аманаты" бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Күніне 1000 метр профнастиль шығаруға арналған.