Облыс бойынша өткен жылы кәмелетке толмаған балалар зардап шеккен 69 қылмыс тіркелген. Аталған нәтиже балалардың қауіпсіздігін күшейту қажеттігін көрсетіп отыр.

Осыған орай, облыстық прокуратура жанындағы Консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті. Аталған жиында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды.