Кеңес Одағының қылышынан қан тамым тұрған шақта елімізден қанша қандас бауырыларымыз шет елге бас сауғалады. Ал, қаншасы сол кезде репресия құрбанына айналды. Халық жауының жары-балаларымен итжеккенге жер аударылды.

Сол кезде әкесінен айрылып жат жерді паналап, қырғыз, өзбек, ауған елдерінде шариғаттан ұстаздық еткен жерлесіміз Махмуд Саид Ат-Тарази, кейін қасиетті Меккедегі «Әль-Харам» мешітінде 20 жылға жуық имам болған.