Жамбылдық жастар 2,5 пайызбен микрокредит алып өз жобаларын іске асыруда. 379 үміткерге 1735 млн теңге қаржы берілген. Ал, жұмыссыздарды кәсіптік оқытуға жыл басынан 971 адам жолданған. Жұмыспен қамтудың өңірлік карталары аясында 65 мың 722 жұмыс орны құрылып, жалпы жоспар 96,7 пайызға орындалды. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғалижан Мейірманов брифингте айтты.