Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылғы Жолдауында «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы» деген болатын. Осыған орай, елімізде білім сапасын арттыру үшін жүйелі жұмыстар жасалынуы тиіс.
Бұл тапсырма Жамбыл облысында қалай жүзеге асырылуда?Бүгін Жамбыл облысына ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева жұмыс сапарымен келді. Вице-министр Жамбылдықтармен кездесіп, білім саласына қатысты біраз мәселені тындады.