Т.Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылы тұрғындары жол сұрайды. Ала жаздай ала шаңнан, күн салқындаса лай батпақтан шаршаған олар сағызша созылған мәселенің шешімін күтеді. Көше бойындағы көлшік сулардан өту үшін мектеп оқушылары екі аяқ киім алып жүруге мәжбүр. Осылай деген ауыл тұрғындары тау суы ағатын арықтың да жоқтығын айтады.