Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы жалғасып жатыр. Өңірімізде алды 18 жасқа толған өрендерден бастап, жасы 100 ден асқан қарияларға дейін қалыс қалмай өз таңдауларын жасауда.

Ел тарихындағы маңызды оқиғаға спорт өкілдері де белсенді атсалысты. Солардың ішінде карадэ – додан әлем біріншілігінің жеңімпаздары Үсенбаев Әділет пен Гузалия Гафурова секілді чемпиондық жұптарда бар.