Құдай қолдап, Қаратау боп кетсем де, Аласамын халқымнан. Осылай жырлаған ақын Рафаэль Ниязбековтың көзі тірі болғанда 80 жасқа толар еді.

Осы орайда Әулиете өңірінде ақынның туғанына 80 жыл толуына орай іс-шаралар легі жалғасуда. Бүгін, Рафаэль Ниязбековты еске алуға арналған арнайы жиын ұйымдастырылды. Оған жазушының жары Күлжан Мұхамедиева қатысты.