Қазақстан Республикасы қарулы күштерінде тәрбие жұмысы органдарының құрылғанына 30 жыл. Осы орайда қалалық мәдениет үйінде әскери қызметкерлердің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін ерекше көзге түскен сала мамандарына алғыс білдірілді.