Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков үкіметтік емес ұйым өкілдерімен ептесе-септесе, ынтымақтаса іс-қимыл жасауға ниетті. Қордаланған проблемаларды билік басындағыларға қарағанда қоғам белсенділері көбірек хабардар себебі. Олар сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырудың белсенді қатысушылары болып табылады. Шаһар басшысы бұл жолы азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, саладағы мәселелерді тыңдады.