Байзақ ауданында ұрпақ тәрбиесі мен қоғам тұрақтылығын нығайту мақсатында бес жұмысшы топ құрылды. Топ құрамына аудан әкімі, сала орынбасарлары, құзырлы органдар басшылары, білім, денсаулық, әлеуметтік сала өкілдері, ардагер ұстаздар мен белсенді жастар кірді. Құрам мүшелері мектептерде ата-аналармен кездесіп, бала тәрбиесі, отбасы құндылықтары және жас ұрпақтың жауапкершілігі жөнінде пікір алмасты.