Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов бокстан Қазақстан чемпионы Әйгерім Сәттібаеваны, сондай-ақ ел чемпионатының күміс жүлдегерлері Бейбарыс Жексен мен Диас Молжігітовті қабылдады. Ол былғары қолғап шеберлерінің ел біріншілігінен сәтті оралуымен құттықтап, жарқын жетістіктерін атап өтті.