Бүгінгі студент – ертеңгі шебер маман бола ала ма? Мұны тәжірибе жүзінде дәлелдеу мақсатында облыс көлемінде алғаш рет «КәсіпSkills» кәсіби шеберлік сайысы өтті. Бұл шара дуалды оқыту жүйесі аясында ұйымдастырылып, студенттерге алған білімін тәжірибеде сынауға мүмкіндік берді. Әр ауданнан жиылған жалпы 99 қатысушы өз құзыреттіліктері бойынша бақ сынасты.