Жамбыл облысында 549 оқушы «бұзақылығы» бойынша мектепішілік есепке алынған. 9001 бала «Тәуекел топтар» тізімінде. Бұл – алаңдатарлық статистика. Жалпы, құқық бұзушылықа бейім балалар қайдан шығады? Жүргізіліп жатқан түрлі алдын алу шараларына қарамастан, кәмелетке толмағандармен жасалатын заңсыз әрекеттер неге азаймайды? Білім саласындағы осы және өзге де өзекті мәселелер білім басшыларының алқа мәжілісінде талқыланды.