Биыл елімізде алғаш рет 29 қазан – кәсіпкерлер күні ретінде атап өтіле бастады. Бұл күн ел экономикасына үлес қосып жүрген мыңдаған іскер азаматтар үшін ерекше. Айта кетсек, дәл осы күні 2015 жылы ҚР кәсіпкерлік кодексі қабылданған болатын. Содан бері бизнес саласында тың жобалар мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды.