Биыл төртінші жыл қатарынан «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты облыстық форум өтті. Бұл жолғы басқосудың басты тақырыбы - жасанды интеллект. Өңірдің түкпір- түкпірінен жиналған 120 жас педагог заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын талқылады.