Меркі ауданына қарасты, Тұрар Рысқұлов ауылдық округінде орналасқан «Кемел» отбасылық кәсіпорны бүгінде табиғи сүт өнімдерін өндірумен айналысады. Шағын өндірісте ірімшік пен қаймақтың түр-түрін табуға болады. Экологиялық таза өнімдерге жергілікті тұрғындардың арасында сұраныс жоғары.