Ұлт болашағы мен мемлекет тұғырында отбасы – ең басты құндылық. Ал отбасының арқасүйер тұлғасы, тірегі – әке. 17-інші маусым – Әкелер күні деп атап өтіп жатқанымыздың да ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор. Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен «Менің әкем» республикалық шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті.