Бүгін Байзақ ауданында шаруаларға біліктілікті арттыруға арналған семинар өтті. Оқыту-семинарында көкөніс шаруашылығындағы инновациялар мен технологиялар мәселесі қаралды. Кәсіпкерлер Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығына барып тәжірибе алмасты.