13 маусым күні елімізде Аумақтық қорғаныс бригадаларының құрылған күні. Аталмыш дата 2017 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылғаннан кейін пайда болды. Биыл бұл құжат қайта «Аумақтық қорғаныс туралы» заң болып реттелді.