Қытайлық инвесторлар Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға қаржы құяды. Сондай-ақ Ақтөбеде ашылғалы жатқан карбамид өндіретін кәсіпорынға 1 млрд доллар көлемінде несие береді. Бүгін Астанада «Орталық Азия энергиясы + Қытай» форумы өтіп жатыр. Жиында елдеріміз арасында 60-қа жуық келісім жасалатыны айтылды.