Елімізде бақша дақылдарының маусымы қызды. Жаз түспей жатып-ақ, облыста там –тұмдап болса да қауын-қарбыз сатыла бастаса, қазір Оңтүстік өңірлерден әкелінген бақша өнімдері көптеп саудалануда. Әсіресе, қан базардан қалағаныңызды табасыз, шертіп жүріп аласыз.