Елімізде ипотекаға баспана алудың шарттары айтарлықтай өзгереді. Бүгін сенатта үлестік құрылысқа бақылауды күшейту туралы заң жобасы мақұлданды. Енді құрылыс басталмай тұрып банк ипотека бермейді. Алдымен, тұрғын үйдің заңды салынуы тексеріледі. Бұл қадамдар үлескер алданып қалмауы үшін жасалып отыр.