Ағымдағы жыл мерейтойларға толы. Соның бірі - Жеңістің 80 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жылдығы. Атаулы даталарға орай, көптеген патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бүгінде Қазақстанның көптеген көшелері, мектептері мен бекеттер, сондай-ақ, метро батырдың атымен аталады. Бәукең туып-өскен өлкеде де бірталай нысандар бар мұндай. Шаһардағы үлкен көшелердің біріне батырдың есімі берілген.