21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Тараз қаласында айтулы шара ұйымдастырылды. Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде әйелдер арасында «Спорт – денсаулық кепілі» атты волейболдан жарыс өтті. Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және мәдениет саласының өкілдері арасындағы ынтымақтастықты арттыру.