Екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласының инфроқұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өткен жылы қала үлкен құрылыс алаңына айналды деуге болады. 1990 жылдан бері жөндеу көрмеген М-1 магистралінің жаңғыртылуы аяқталды. Барлық жұмыстар күзде тәмамдалды. Сондай-ақ, қалада екі жаңа аудан – Әулиеата және Жібек жолы аудандары құрылды. Бұл – Таразда болған оң өзгерістердің бір бөлігі ғана.