Тұрар Рысқұлов ауданында «Ұлттық мүдде – басты құндылық» атты кеңейтілген жиын өтті. Жиынның мақсаты – өңірдегі өзекті мәселелерді талқылау, олардың шешу жолдарын ұсыну және құзырлы органдардың назарына жеткізу. Алқалы жиынға аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округтердегі ардагерлер, билер, әкелер мен аналар кеңесінің өкілдері, колледж студенттері мен әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.