Жаңа оқу жылының басталуына да аз уақыт қалды. Биылғы оқу жылында Тараз қаласында 95 мыңнан астам оқушы мектепте оқиды, оның ішінде 8 мыңнан аса бүлдіршін мектеп табалдырығын жаңадан аттайды. биылғы оқу жылында мұғалімдер мен оқушылар үшін қандай жаңалықтар бар? Дәстүрлі оқу форматына білім ошақтары қаншалықты дайын? Бұл туралы бүгін қалалық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінде айтылды.
Алқалы кеңесте өткен жылғы білім саласындағы табыстар мен кемшіліктер сараланып, алдағы жұмыс жоспары нақтыланды.