Тынымсыз тіршіліктегі түрлі жаңалықты қалт жібермей, әр салаға тіл бітіріп, бірінің сырын, бірінің мұңын толғатып жүрген телеарна қызметкерлерінің жұмысы кімге болсын қызық. Көпшілікті көгілдір экран арқылы ақпаратпен сусындатып жүрген 4- билік төрелерінің еңбегі ерен.Сондықтан бүгін «Ауыл» партиясының депутаттары облыстық «Jambyl» арнасының тынысымен танысып, журналистердің қызу жұмысын көрді.