Бұрын той-томалақ халықтың батасын алу үшін өткізілсе, қазір бәсекелестік белең алған. Бас мүфти мен депутаттар тіпті экономист мамандар тойдағы ысырапшалдыққа тыйым салу керек деп отыр. Бүгінде жар-жардың орнына шетел әнін қойып, мейрамханаға көлікпен кіріп жүргендер бар. 4 қабатты тортты жеп, қонақтарды түйемен түгендендейтіндердің де жазбалары тарап жатыр.