Келесі айда елімізде медицина қызметкерлерінің мерекесі. Осы ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесіне орай «AMANAT» партиясы елорда төрінде биыл екінші рет «Дәрігер Talks» атты диалог алаңын өткізеді. Бүгін партия жанындағы Білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңес отырысында осы атаулы іс-шараға өңірден баратын дәрігерлерді іріктеу мәселесі талқыланды.