Жамбыл облысында жыл соңына дейін барлық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда облыстағы 371 елді мекеннің 97 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 3 пайызды құрайтын 36 ауыл және Тараз бен Шу қалаларындағы қажетті жобалар жүзеге асырылып жатыр. Осы мәселе бүгін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы өткізген көшпелі жиында талқыланды. Жиын Бектөбе ауылында салынып жатқан жаңа кешенді блок-модуль маңында өтті. Бұл модуль – ауылды ауыз сумен қамтуға бағытталған жобалардың бірі.