Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Тұрар Рысқұлов ауданының құрметті азаматы Кәріпжан Нүсіптің 85 жылдығына арналған «Сағыныштан сөйледі сөз, Құлан даласынан» атты шығармашылық кеш өтті. Оны ақынның шәкірттері ұйымдастырды.
Рухани кешке ақынның туған – туыстары, шәкірттері мен туған жерінен келген қонақтар қатысты.