Бүгін Таразда «Кәсіпday» жобасы салтанатты түрде ашылды. Жоба Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен қолға алынды. «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында этнос жастарын адал еңбекке баулып, кәсіптік бағдар беру арқылы ел экономикасына үлес қосатын жаңа буын дайындауға мүмкіндік береді.