Бүгін Таразда «Қазақ халқының мәдени құндылықтары» атты өнер және этнографиялық бірегей жеке коллекциялар көрмесі бастау алды. Мұндағы мақсат- қазақ халқының рухани, мәдени және ұлттық құндылықтарын, тарихы мен салт-дәстүрін қадірлеуге, ата-бабадан қалған асыл мұрамызды дәріптеп, өскелең ұрпақтың санасына сіңіруді көздейді.