11 бала, 22 келін, 100 – ге жуық немере, шөбере сүйіп, ана бақытына бөленген Тастанкүл Тілеубердиева Байзақ ауданы Байзақ ауылында тұрады. Санасы сергек, қимылы ширақ алтын құрсақты әжемен Нәзима Дәрменқызы тілдесіп қайтқан еді.
Міне, алтын құрсақты ананың құпиясы осы! Әулеттің батасын алып, құрметіне бөленген. Асыл әже ұрпақтарын тәккаппар емес, кеңпейілді, кекшіл емес, кешірімшіл болуға үндейді.
Тастанкүл Тілеубердиева Батыр ана
Тастанкүл әже бала тәрбиесімен қатар саналы ғұмырының көп бөлігін ұстаздықпен байланыстырған. Жары Бақбергенмен бар қиындықты бірге көріп, шаршаса да қажымады. Қайраттанды. Шаңырақтарын бүтін бір үлкен әулетке айналдырды. 22 келін түсіріп, 100 – ден аса немере – шөбере сүйген.
Тастанкүл Тілеубердиева батыр ана
Жанат Ақылова келіні
Әдемі БАҚБЕРГЕН немересі
Әлі күнге дейін әжейдің қолы қалт етсе гүл егумен айналысады. Ғибратты ғұмырын ұрпағына дәріптеп, әр қайсының амандығын тілейді.
Н.Дәрменқызы Аймырза Қаленбаев «ЖҚ» Байзақ ауданы