Белсенді өмір сүру орталығының қызмет алушылары енді алысқа ұзамай-ақ, керемет кештің куәсі болып, танымал тұлғалармен жүздесе алады. Мұндай тамаша мүмкіндікті аталған орталықтың ұжымы қолға алып отыр. Бүгін елімізге белгілі ақын, мәдениет саласының үздігі Үміт Битенова мен айтыскер ақын Ербол Қамбатыровтың поэзия кеші өтті. Сазды кеште келушілер өнерлі жұптың әнімен сусындап, әдемі әзіліне көңіл көтеріп қайтты.