Аймақта жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау дерегі көбейген. Мәселен, Байзақ ауданында 3 суицид фактісі орын алған. Жасөспірімдердің ерте жастан өз өмірлерін қиюға не себеп?

Ал осы суицидтің алдын алып, оқушылармен жұмыс жүргізетін педагог-психолог мамандардың жұмысы көңіл көншітпейді. Себебі өңірде кәсіби білікті психолог мамандар тапшы. Олардың 60 пайызы сырттай білім алған. Осы мәселелер бүгін Байзақ ауданында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.